Құрметті DHL компаниясының клиенттері. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕЭК Кеңесінің (Еуразиялық экономикалық комиссия) № 107 шешіміне сәйкес тасымалдаушымен өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар кеден баждары мен салықтарын төлеусіз және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін келесі құндық және салмақтық нормалар белгіленген: құны 200 евроға дейін, салмағы 31 кг дейін. Сондай-ақ, жеке тұлғаның жеке пайдалануға арналған өткізілетін тауарлар сипаты мен саны, тауарлардың өткізу жиілігі туралы мәлімдемесі және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 "жеке пайдалануға арналған тауарлармен байланысты жекелеген мәселелер туралы" шешімінің № 6 қосымшасына сәйкес кеден органдарына жүктелетініне назар аударыңыз.
Құжаттар 3-4 жұмыс күн аралығында өңделеді.

200 евро немесе 31 кг-нан асатын жүктер бойынша

ҚұрметтіDHL компаниясының клиенттері.

2020 жылдың 1-қаңтарынан бастап ЕЭК Кеңесінің №107 шешімімен белгіленген лимиттерден асып түсетін жеке пайдалануға арналған тауарларға салынатын баж бен салықтардың келесі бірыңғай мөлшерлемесі белгіленген:

құны асып кеткенде 15%

салмағы асып кеткенде әр килограмына 2 евро

Тауарлары белгіленген лимиттерден асып кеткен жеке тұлғаларға арналған ақпарат

Егер сіз жүкті DHL Express желісі бойынша алған болсаңыз, бұл жүкте жеке пайдалануға арналған тауарлар бар болса және олар құны бойынша 200 евродан (бір жүк үшін) және салмағы 31 кг-нан (бір жүк) асып кетсе, онда сіз кеден төлемдерін төлей отырып, бұл жүкті кеден органдарының алдында декларацияда көрсетуіңіз қажет. Сіз оны DHL Express-тің көмегімен (біздің мамандар барлық құжаттарды дайындап және толтырып береді және оны кеден қызметіне көрсетіп, кейіннен жүктеріңізді жеткізіп береді) немесе өзіңіз жүзеге асыруыңызға, не болмаса басқа да кеден қызметкерлеріне жүгінулеріңізге болады. 

Егер DHL мамандарына жүгінетін болсаңыз, онда мыналар қажет:

1. DHL-мен ШАРТ жасасу (жасасу)

2. Шартты басып шығарып, қол қою

3. Келесі құжаттарды дайындау

- жеке басты куәландыратын құжат (бейрезидент үшін – алушының төлқұжатының көшірмесі, тіркеу туралы куәлігі, ЖСН, визасы мен миграциялық картасы)

 

- міндеттеме (үлгісін осы жерден жүктеп алыңыз)

 

- жүктің ішіндегі заттардың құны сатушыға төленгендігін растау (Сіздің картаңыздың ғаламтор банкингі көшірмесінің скрин-шоты не болмаса Сіздің ТАӘ мен төлем сомасы көрсетілген банктік есепшоттың көшірмесі – үлгісі қосымшада) міндетті. (Үлгісін осы жерден жүктеп алуға болады).

- DHL-мен жасаған қол қойылған шарт (1-2-тармақ)

 

 

Шамамен алынған рәсімдеу құнын өзіңіз есептей аласыз. Ол үшін бірқатар күрделі емес математикалық амалдар орындау керек:

- Егер сізде құны бойынша асып кетсе:

1) тауардың теңгеге шаққандағы құнын есептейсіз

2) тауардың құнынан теңгеге шаққандағы 200 евроны азайтасыз

3) алынған соманы жүзге бөліп, 15-ке көбейту керек.

Формуласы былай жазылады: (Х – 200 евроның теңгеге шаққандағы сомасы) / 100 * 15, мұнда X - сіздің тауардың құны, көліктік шығындарды теңгемен есепке алмағанда.

 

Сіз кедендік төлемдер сомасын есептедіңіз.

 

- Егер сізде салмағы бойынша асып кетсе:

1) жүктің брутто салмағынан 31 кг-ды азайту керек

2) алынған мәнді 2 евроға көбейтіп, теңгемен қайта есептеу қажет.

Сіз кедендік төлемдер сомасын алдыңыз.

Құны бойынша асып кеткен және салмағы бойынша асып кеткен кезде алынған мәндерді салыстырыңыз. Кедендік төлемдерді төлеуге қайсысының мәні үлкен, сол қабылданады.

 

DHL кеден маманының қызметтері мыналар:

 

Алматы /           Нур-Султан

Атырау

кедендік рәсімдеу үшін

16000 тенге

16000 тенге

инвойсты аудару үшін

2000 тенге

3700 тенге

кедендік төлем сомасының 10%-ы, бірақ 800 теңгеден кем емес.

 

Егер алынған сома сізді қанағаттандырса, құжаттар дайын болса, оларды электрондық поштасына жіберуіңізге болады. 

Алматы үшін Aizhan.Abisheva@dhl.com

Атырау және Ақтау үшін Vladimir.Logachev@dhl.com.

Нұр-Сұлтан үшін Vladislav.Vodnev@dhl.com

Хаттың тақырыбында жүгіңіздің нөмірін (жүк қағазының DHL нөмірін) міндетті түрде көрсетіңіз, әйтпесе біз сіздің жібергеніңізді біріздендіре алмаймыз және хат жауапсыз қалуы мүмкін.

 

Жауап ретінде біздің қызметкер 1 жұмыс күні ішінде сізге төлем жасау үшін шот немесе қосымша құжаттарға сұраныс жібереді.

4. Шот сайт (нұсқаулық) арқылы немесе сіздің қалаңыздағы DHL кеңселерінде қолма-қол есеп айырысу арқылы төленеді. Төлем жасалғандығы туралы хабарлама DHL-ге және сіздің электрондық поштаңызға автоматты түрде келеді. DHL төлем жасалғаннан кейін бірнеше минут ішінде автоматты түрде хабарлама алады.

 

5. 3-4 жұмыс күні ішінде сіздің жүгіңіз жеткізіледі.