Назар аударуыңызды сұраймыз, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап кеден өкілінің кейбір қызметтерінің тарифтері өзгереді. Мәзірде 2022 жылға арналған тарифтер бар.

200 евро немесе 31 кг-нан асатын жүктер бойынша

Құрметті DHL компаниясының клиенттері.

2020 жылдың 1-қаңтарынан бастап ЕЭК Кеңесінің №107 шешімімен белгіленген лимиттерден асып түсетін жеке пайдалануға арналған тауарларға салынатын баж бен салықтардың келесі бірыңғай мөлшерлемесі белгіленген:

құны асып кеткенде 15%

салмағы асып кеткенде әр килограммына 2 евро

Тауарлары белгіленген лимиттерден асып кеткен жеке тұлғаларға арналған ақпарат

Егер сіз жүкті DHL Express желісі бойынша алған болсаңыз, бұл жүкте жеке пайдалануға арналған тауарлар бар болса және олар құны бойынша 200 евродан (бір жүк үшін) және салмағы 31 кг-нан (бір жүк) асып кетсе, онда сіз кеден төлемдерін төлей отырып, бұл жүкті кеден органдарының алдында декларацияда көрсетуіңіз қажет. Сіз оны DHL Express-тің көмегімен (біздің мамандар барлық құжаттарды дайындап және толтырып береді және оны кеден қызметіне көрсетіп, кейіннен жүктеріңізді жеткізіп береді) немесе өзіңіз жүзеге асыруыңызға, не болмаса басқа да кеден қызметкерлеріне жүгінулеріңізге болады. 

өзіңіз жүзеге асыру туралы ақпаратты, осы жерден қарауға болады

Атырау

Нур-Султан

Егер DHL мамандарына жүгінетін болсаңыз, онда мыналар қажет:

1.     DHL-мен ШАРТ жасасу (жүктеп алу .pdf)(жүктеп алу .docx)

Алушының салық органының бизнес-сәйкестендіру номерін (БИН) ұсыну міндетті болып табылады. Салық органдарының тізімі – мемлекеттік кіріс басқармаларының бизнес-сәйкестендіру номерлерімен бірге өзге ақпарат Мемлекеттік кіріс Комитетінің сайтында орналастырылған

https://kgd.gov.kz/ru/reference/dgd  

https://egov.kz/cms/ru/articles/taxation/taxes_bin

Мемлекеттік кірістер басқармасы мен оның бизнес сәйкестендіру нөмерін табу үшін Сіздің тіркелген ауданыңызды анықтау қажет. (ресми тұрғылықты ауданыңызды электрондық үкімет – egov.kz сайтындағы жеке кабинетіңізден біле аласыздар)

2. Шартты басып шығарып, қол қою

3. Келесі құжаттарды дайындау

жеке басты куәландыратын құжат (бейрезидент үшін – алушының төлқұжатының көшірмесі, тіркеу туралы куәлігі, ЖСН, визасы мен миграциялық картасы)

- міндеттеме (Нұр-Сұлтан қаласына арналған міндеттемені жүктеп алу)

                         (Алматы қаласына арналған міндеттемені  жүктеп алу)

                         (Атырау қаласына арналған міндеттемені жүктеп алу)

- жүктің ішіндегі заттардың құны сатушыға төленгендігін растау (Сіздің картаңыздың ғаламтор банкингі көшірмесінің скрин-шоты не болмаса Сіздің ТАӘ мен төлем сомасы көрсетілген банктік есепшоттың көшірмесі – үлгісі қосымшада) міндетті.  (Үлгісін осы жерден жүктеп алуға болады Каспи Банк / Халық Банк).

- DHL-мен жасаған қол қойылған шарт (1-2-тармақ)

Шамамен алынған рәсімдеу құнын өзіңіз есептей аласыз. Ол үшін бірқатар күрделі емес математикалық амалдар орындау керек:

- Егер сізде құны бойынша асып кетсе:

1) тауардың теңгеге шаққандағы құнын есептейсіз

2) тауардың құнынан теңгеге шаққандағы 200 евроны азайтасыз

3) алынған соманы жүзге бөліп, 15-ке көбейту керек.

Формуласы былай жазылады: (Х – 200 евроның теңгеге шаққандағы сомасы) / 100 * 15, мұнда X - сіздің тауардың құны, көліктік шығындарды теңгемен есепке алмағанда.

Сіз кедендік төлемдер сомасын есептедіңіз.

- Егер сізде салмағы бойынша асып кетсе:

1) жүктің брутто салмағынан 31 кг-ды азайту керек

2) алынған мәнді 2 евроға көбейтіп, теңгемен қайта есептеу қажет.

Сіз кедендік төлемдер сомасын алдыңыз.

Құны бойынша асып кеткен және салмағы бойынша асып кеткен кезде алынған мәндерді салыстырыңыз. Кедендік төлемдерді төлеуге қайсысының мәні үлкен, сол қабылданады.

DHL кеден маманының қызметтері мыналар:

Алматы /           Нур-Султан

Атырау

кедендік рәсімдеу үшін

16000 тенге

16000 тенге

инвойсты аудару үшін

2500 тенге

3700 тенге

кедендік төлем сомасының 10%-ы, бірақ 800 теңгеден кем емес.

Егер алынған сома сізді қанағаттандырса, құжаттар дайын болса, оларды электрондық поштасына жіберуіңізге болады. 

Алматы үшін alatpo@dhl.com

Нур-Султан үшін tsetpo@dhl.com

Атырау және Ақтау үшін tpoguw@dhl.com

Хаттың тақырыбында жүгіңіздің нөмірін (жүк қағазының DHL нөмірін) міндетті түрде көрсетіңіз, әйтпесе біз сіздің жібергеніңізді біріздендіре алмаймыз және хат жауапсыз қалуы мүмкін.

Жауап ретінде біздің қызметкер 2 жұмыс күні ішінде сізге төлем жасау үшін шот немесе қосымша құжаттарға сұраныс жібереді.

4. Шот сайт (нұсқаулық) арқылы немесе сіздің қалаңыздағы DHL кеңселерінде қолма-қол есеп айырысу арқылы төленеді. Төлем жасалғандығы туралы хабарлама DHL-ге және сіздің электрондық поштаңызға автоматты түрде келеді. DHL төлем жасалғаннан кейін бірнеше минут ішінде автоматты түрде хабарлама алады.

- жүктің ішіндегі заттардың құны сатушыға төленгендігін растау (Сіздің картаңыздың ғаламтор банкингі көшірмесінің скрин-шоты не болмаса Сіздің ТАӘ мен төлем сомасы көрсетілген банктік есепшоттың көшірмесі – үлгісі қосымшада) міндетті.  (Үлгісін осы жерден жүктеп алуға болады Каспи Банк Халық Банк).