Главное меню

Кедендік декларациялау қызметтерін төлеу парақшасына өту

Отследить направление

 

Құрметті DHL компаниясының клиенттері. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕЭК Кеңесінің (Еуразиялық экономикалық комиссия) № 107 шешіміне сәйкес тасымалдаушымен өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар кеден баждары мен салықтарын төлеусіз және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін келесі құндық және салмақтық нормалар белгіленген: құны 200 евроға дейін, салмағы 31 кг дейін. Сондай-ақ, жеке тұлғаның жеке пайдалануға арналған өткізілетін тауарлар сипаты мен саны, тауарлардың өткізу жиілігі туралы мәлімдемесі және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 "жеке пайдалануға арналған тауарлармен байланысты жекелеген мәселелер туралы" шешімінің № 6 қосымшасына сәйкес кеден органдарына жүктелетініне назар аударыңыз.
Құжаттар 3-4 жұмыс күн аралығында өңделеді.

         Видео нұсқаулық

Кедендік ресімдеудің басты қағидалары

 
Құрметті клиенттер!

     Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткізілетін БАРЛЫҚ тауарлардың Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасында көзделген тәртіппен және талаптар бойынша міндетті түрде кедендік ресімделуі тиіс екендігіне назарларыңызды аударамыз.

     Сондай-ақ Сіздерге Қазақстан Республикасы кедендік заңнамасының талаптарына сәйкес алушының кедендік режимді уақытша сақтау қоймасында тауарды орналастырғаннан кейін, яғни тауар Қазақстан Республикасының шекарасынан өткен соң екі ай ішінде мәлімдеуі  тиіс екендігін ескертеміз. Бұл талап түпкілікті тағайындалған жерге транзиттік декларация бойынша келген тауарларға да қолданылады. Алушы  Қазақстан Республикасы кедендік заңнамасының жоғарыда айтылған талабын орындамаған жағдайда ДХЛ компаниясы тауарды жөнелтушіге қайтарып жіберуге құқылы.
  
 
 
Біздің артықшылықтарымыз

 

  1. DHL тасымалдау және кедендік ресімдеу қызметтерінің жалғыз провайдері болып табылады.
  2. DHL көрсететін қосымша қызметтер клиенттердің кедендік ресімдеу процесіне барынша аз қатысуына мүмкіндік береді.
  3. DHL кеден  өкілі ретінде клиент үшін кедендік баждар мен төлемдерді  жүзеге асырады.
  4. DHL  компаниясының кедендік үйлестірушілері кедендік ресімдеу бойынша күрделі мәселелерді шешу кезінде ақпараттық қолдау және көмек көрсетуге қашан да дайын.
  5. Қазақстанның Алматы және Атырау қалаларында кедендік ресімдеуді жүзеге асыру мүмкіндігі.

 

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ