DHL Express

АЛАЯҚТЫҚ ТУРАЛЫ ХАБАРДАРЛЫҚ

...

 

АЛАЯҚТЫҚ ТУРАЛЫ ХАБАРДАРЛЫҚ

 

SMS-алаяқтық туралы ескерту

DHL компаниясына біздің брендіміздің алаяқтық мақсатында рұқсат етілмеген пайдалану туралы белгілі болды. Пайдаланушыларға '.apk' кеңейтуі бар қосымшаны жүктеу ұсынымы бар SMS келіп жатыр. Егер Сіз осы алаяқтық схемаға тап болсаңыз, бұл туралы бізге хабарлауыңызды өтінеміз. Бізге p.customs@dhl.com мекенжайына күмәнді SMS-пен экранның суретін жіберіңіз және де хабарлама келген телефонның нөмірін көрсетіңіз. Сонан соң SMS-ты өшіріңіз және ешбір жағдайда қосымшаны жүктеуге арналған сілтеме бойынша өтпеңіз. Жасанды және алаяқтық SMS-хабарламалардан сақ болыңыз.

Телефон нөміріне SMS-хабарлама кезінде DHL Express-тен ресми хабарламалардың тек қана корпоративтік электрондық поштаның – @dhl.com мекенжайынан немесе DHL Express сәйкестендіргішінен ғана жіберілгенін және де қосымшаларды және оларды орнату үшін ұсынымдарды қамтымайтынын есте сақтау маңызды.

 

 

«ДХЛ ИНТЕРНЕШНЛ КАЗАХСТАН» (DHL Express) ЖШС алаяқтық іс-әрекеттер нәтижесінде тиісті түрде жүргізілмеген кез келген шығыстар, есептеулер немесе төлемдер үшін жауапты болмайды.