DHL Express

Электрондық нысанды толтырыңыз 200 еуро немесе 31 кг-нан аспайтын жүктер бойынша

...

 

ҚР «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексінің 29-бабы 2-тармағына сәйкес, барлық тауарлар кедендік бақылауға жатады. Соның ішінде ҚР «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексінің 176-бабы 3-тармағымен жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау кезінде жолаушыларға арналған кедендік декларацияның (ЖКД) пайдаланылатыны белгіленген.

 

«ДХЛ ИНТЕРНЕШНЛ КАЗАХСТАН» (DHL Express) ЖШС Сізге өз құрметін білдіреді және компаниямыздың қызметтерін пайдаланғаныңыз үшін алғыс айтады. DHL Express Сізге кедендік ресімдеу жөніндегі кедендік өкілдің ақылы қызметтерін ұсына алады. Егер біздің қызметтерімізді пайдаланғыңыз келсе, Сізге Шарттың электрондық нысанын толтыру және қол қою қажет, жеке куәліктің көшірмесін (екі жағын жақсы сапада) ұсынуы және әрбір көліктік жүкқұжат үшін 4000 теңге мөлшерінде DHL Express кедендік өкілге қызметтері үшін төлеу қажет.

Электрондық нысанды толтырыңыз

 

Құжаттарды толтыру үшін суретті басыңыз!

Мында басыңыз

 

Егер Сіз жүктің өздігінен кедендік ресімдеуін жүргізгіңіз келсе, Сіз төменде көрсетілген сілтемелер бойынша өтіп, егжей-тегжейлі нұсқаулықпен таныса аласыз. 

Мұнда  – Алматы қ. әуежайында өздігінен ресімдеу

Мұнда  - Атырау қ. әуежайында өздігінен ресімдеу

Мұнда -   Астана қ. әуежайында өздігінен ресімдеу

 

Егер Сіз кедендік ресімдеуді ұйымдастыру үшін жүкке арналған құжаттарды басқа кедендік өкілдерге бергіңіз келсе, Сіз  p.customs@dhl.com электрондық мекенжайына сұрау салуды жіберіп, DHL Express қызметкерінен жүкке арналған тауарлық-ілеспе құжаттарды сұрата аласыз.

Онлайн помощник