DHL Express

Жеке тұлғаларға арналған ақпарат 200 еуро немесе 31 кг-нан аспайтын жүктер бойынша

...

 

ҚР «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексінің 29-бабы 2-тармағына сәйкес, барлық тауарлар кедендік бақылауға жатады. Соның ішінде ҚР «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексінің 176-бабы 3-тармағымен жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау кезінде жолаушыларға арналған кедендік декларацияның (ЖКД) пайдаланылатыны белгіленген.

 

«ДХЛ ИНТЕРНЕШНЛ КАЗАХСТАН» (DHL Express) ЖШС Сізге өз құрметін білдіреді және компаниямыздың қызметтерін пайдаланғаныңыз үшін алғыс айтады. DHL Express Сізге кедендік ресімдеу жөніндегі кедендік өкілдің ақылы қызметтерін ұсына алады. Егер біздің қызметтерімізді пайдаланғыңыз келсе, Сізге Шарттың электрондық нысанын толтыру және қол қою қажет, жеке куәліктің көшірмесін (екі жағын жақсы сапада) ұсынуы және әрбір көліктік жүкқұжат үшін 4000 теңге мөлшерінде DHL Express кедендік өкілге қызметтері үшін төлеу қажет.

Электрондық нысанды толтырыңыз

 

Құжаттарды толтыру үшін суретті басыңыз!

Мында басыңыз

 

Егер Сіз жүктің өздігінен кедендік ресімдеуін жүргізгіңіз келсе, Сіз төменде көрсетілген сілтемелер бойынша өтіп, егжей-тегжейлі нұсқаулықпен таныса аласыз. 

Мұнда  – Алматы қ. әуежайында өздігінен ресімдеу

Мұнда  - Атырау қ. әуежайында өздігінен ресімдеу

Мұнда -   Астана қ. әуежайында өздігінен ресімдеу

 

Егер Сіз кедендік ресімдеуді ұйымдастыру үшін жүкке арналған құжаттарды басқа кедендік өкілдерге бергіңіз келсе, Сіз  p.customs@dhl.com электрондық мекенжайына сұрау салуды жіберіп, DHL Express қызметкерінен жүкке арналған тауарлық-ілеспе құжаттарды сұрата аласыз.

 

  • Жеке пайдалану үшін 200 еуроға немесе 31 кг-ға дейінгі жүктер бойынша жеке тұлғаларға арналған ақпарат

 

Жеке тұлғамен құны 200 еуроға дейінгі жүкті кедендік ресімдеуге арналған ақпарат

 

Егер Сіз DHL Express желісі бойынша жүк алсаңыз, және бұл жүкте жеке пайдалануға арналған тауарлар болса және де олар құны бойынша 200 еуродан, салмағы бойынша 31 кг-дан асып түспесе, онда Сізге кедендік төлемдерді төлеусіз тауарлардың кедендік ресімдеуін жүргізу қажет*. Сіз DHL Express қызметтерін пайдалана аласыз (біздің мамандарымыз барлық құжаттарды дайындайды және толтырады, оларды кедендік органға ұсынады, «шығарылым» алады, содан кейін жүкті жеткізеді, немесе өздігінен ресімдеуді жүргізе аласыз, сондай-ақ Сіз басқа кедендік өкілдерге жүгіне аласыз.

*ҚР «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексінің 29-бабы 2-тармағына сәйкес, барлық тауарлар кедендік бақылауға жатады. ҚР «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексінің 176-бабы 3-тармағымен жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау кезінде жолаушыларға арналған кедендік декларацияның (ЖКД) пайдаланылатыны белгіленген.

 

«ДХЛ Интернешнл Казахстан» ЖШС Сізге компаниямыздың қызметтерін пайдалануыңыз үшін өз құрметі мен алғысын білдіреді.Біз Сізге ДХЛ компаниясы кедендік өкілінің қызметтерін ұсына аламыз.

Бұл үшін Сізге шарт жасасу, жеке куәлікті (екі жағынан жақсы сапада) ұсыну және әрбір жүкқұжат үшін тарифке сәйкес 4000 теңге мөлшерінде біздің қызметтерімізді төлеу қажет.

Қызметтерді көрсету мерзімі 2-3 жұмыс күн.

Қазақстан бейрезиденттері назар аударсын: сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжатпен бірге ҚР аумағында болу легитимділігін растайтын құжатты (көші-қон карточкасы, виза, орналасу жері бойынша тіркелу немесе ҚР заңнамасымен айқындалған басқа да құжат).

Жүктің нөмірі енгізілген кезде Сізге ұсынуға қажетті құжаттар мен іс-әрекеттер бойынша нұсқалардың ұсынылатынына назар аударыңыз. Егер Сіз 2023 жылғы Шарт бойынша талаптарды қабылдамасаңыз, Сізге келісімнің электрондық нысанын толтыру ұсынылады. Егер Сіз құжаттарыңызды бұрын ұсынсаңыз, онда тек 4000 теңге мөлшерде біздің қызметтерімізді төлеу ғана талап етіледі.

 

Сізге компаниямыздың қызметтерін пайдаланғаныңыз үшін алғыс айтамыз.

Маңызды!

 

 

Сіз СМС-та көрсетілген алушы туралы деректердің дұрыс енгізетініне көз жеткізуіңізді өтінеміз. Толық емес немесе сенімсіз деректер ұсынылған жағдайда, кедендік ресімдеу мерзімі қажетті ақпаратты алу сәтіне дейін ұзартылуы мүмкін.

Түсінгеніңіз үшін рахмет!

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша ақпарат:

 

Мұнда декларацияланатын жүктің тек қана жеке мақсаттарда пайдаланылатынын растау ретінде, жүкті жеңілдікті тәртіппен алған тұлғаның жазбаша өтініші болып табылатын міндеттемені жүктеп алуға болады.

 

Алматы қаласына арналған міндеттемені жүктеп алу 

 

Астана қаласына арналған міндеттемені жүктеп алу 

 

 

Сізге кедендік ресімдеу тауарды тасымалдау және жеткізу қызметіне кірмейтінін, сонымен қатар алушының жауапкершілігі болып табылатынын хабарлаймыз.

Жүктерді жеткізу авиажүкқұжатта көрсетілген мекенжай бойынша дүйсенбіден жұмаға дейін жұмыс күні ішінде (сағат 9:00-ден 18:00-г дейін) жүргізіледі. Жеткізу мекенжайын өзгерту ақылы негізде жүргізіледі.

 

 

 

 

Егер Сіз жүкті өздігінен, біздің қызметтерімізді төлемей-ақ ресімдегіңіз келсе, төмендегі сілтемелер бойынша өтіңіз

 

Мұнда Алматы қ. әуежайында өздігінен ресімдеу

 

Мұнда Атырау қ. әуежайында өздігінен ресімдеу

 

Мұнда Астана қ. әуежайында өздігінен ресімдеу

 

 

Егер Сіз құжаттарды басқа кедендік өкілдерге тапсырғыңыз келсе, Сізге DHL агенттерінен электрондық пошта бойынша тауарлық-ілеспе құжаттарға сұра салу жеткілікті. Жолаушыларға арналған кедендік декларация бойынша ресімделетін құжаттарды дайындау және жүктерді сақтау үшін төлем өндіріп алынбайды.

 

Сіз төмендегі сілтеме бойынша кедендік ресімдеу туралы ақпаратты жүктей аласыз.

 

 

Ақша қаражаттарын қайтару

Ақша қаражаттарын қате төлеуді қайтару қажет болған жағдайда (қолма-қол ақшамен немесе кассаға, шотқа қолма-қол ақшасыз, сайтта төлеу кезінде), немесе пайдаланылмаған авансты қайтару үшін — көрсетілген нысан бойынша қайтаруға арналған өтінішті толтырыңыз.

 

Қайтаруды жүзеге асыру үшін аталған хатты Сіздің қалаңыздағы кеңсеге жіберу немесе p.customs@dhl.com электрондық поштаға жолдау қажет.

Өтінішті жүктеп алу

 

 

Онлайн помощник